Корпоративті автокөлікті сатып алу

«A-Motors Group» ЖШС өз Клиенттеріне пайдалану мерзімі өткен, Сіздің ұйымның автопаркінде есептегі автокөлікті сатып алу/сату бойынша бағдарламасын ұсынады. Кәсіпорынның теңгерімінен есептен шығарылатын автопаркті ішінара немесе толық сату қажеттілігі туындаған жағдайда,  «A-Motors Group»  ЖШС Компаниясы Сіздің сенімді бизнес серіктесіңіз болуға дайын.

Заңды тұлғалардың автопаркін сатудың, жеке тұлғалар арасындағы дәл сондай үдеріспен салыстырғанда, айырмашылығы бар. Сонымен байланысты, көлік құралдарын сатып алумен айналысатын көптеген компаниялар бұл әрекетті жүзеге асырудан бас тартуда.  Ірі автопарктерді сатып алу мен сату қызметіндегі айтарлықтай тәжірибеміз Сіздің компанияңызға жеке шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Сатып алу немесе сату үдерісі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Өз Клиенттерімізге  ыңғайлы жағдайлар жасау үшін біз тек Алматы қаласында ғана емес, ҚР барлық аймақтарында автопаркті сатып алу мүмкіндігін ұсынамыз.

Бізбен ынтымақтастық орнату Сізге бірқатар артықшылықтар ұсынады: 

  • Әрбір автокөлікті дербес бағалаудың тиімді шарттары.
  • Бағалаушы мен сарапшының сіз көрсеткен кез келген жерге тегін шығуы.
  • Автокөліктердің кез келген санын бір мезгілде сатып алу.
  • Сатып алу-сату мәмілесі бойынша құжаттарды жедел рәсімдеу.
  • Сатып алған көлікті өзі шығарып алады.
  • Автопарктің сатып алу құнын үш күн ішінде ұсыну.
  • Келісім шарт жасасқаннан кейін автокөліктің құнын 100% төлеу.
  • Автокөлікті сату алдындағы дайындаусыз сатып алу.
  • Барлық іс-әрекеттерді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру.
  • Мәміленің ашықтығы.
Мобильді қосымша
да қол жетімді
AWStudio-да әзірленген