Қонақүйлер
«ҚАЗАҚСТАН»

«Қазақстан» қонақүйі – Алматы мегаполисінің бірегей тарихи ескерткіші. Бұл 20 ғасыр құрылысшыларының дизайны мен инженерлік өнерінің шыңы. «Қазақстан» қонақүйінің сәулеттік даралығы заманауи өркениеттің жетістіктері мен қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлылығы жарасқан. 26 қабатты құрылыс Алматы қаласының сәні мен қазақ жерінің символына айналды.

Алматы, Достық даңғ., 52/2
Holiday Inn Almaty

HolidayInnAlmaty мейманханасы терезелері еденнен төбеге дейін жететін, қара перделері бар кең бөлмелері және люкстарымен ерекшеленеді. Жайлылық үшін ноутбукқа арналған сейф, шайнек пен шәрке ұсынылады. Бөлме терезелерінің көбінен Тянь-Шань тауларына көрініс ашылады.

Алматы, Тимирязев көш., 2Д
«Алматы»

Қонақ үй кешені тарихи әрі сәулет ескерткіші болып табылады. орны өте сәті таңдалған: қала орталығында, әкімшілік ғимараттар, театрлар, супермаркеттер және басқа да мәдени орталықтарға өте жақын жерде орналасқан. Қонақүй Іле Алатауының тау жоталарына керемет көрініс ашылатын саябақ аймағында тұр.

Алматы, Қабанбай батыр көш., 85
«Қазжол»

«Қазжол» қонақүйі клиенттерінің тұрып жатқан кезінде қауіпсіздікке кепілдік беріп, тәртіп үшін жауапкершілік жүктейді. «Қазжол» қонақүйінде: мейрамхана, хим. тазалау орны мен кір жуатын жер, шаштараз, жаттығу залы, бассейн, сауна, көлік қызметі, сондай-ақ бизнес орталығы (Ғаламтор, электронды пошта, мөр, сканерлеу, факс); ВЖТБ-да шетел азаматтары мен ТМД азаматтарын тіркеуге рұқсаты бар.

Алматы, Гоголь көш., 127/1
Grand Voyage

"Grand VOYAGE" мейманханасы – бұл Алматы қ. іскерлік орталығында орналасқан бизнес-мейманхана. Біз сіздерге Еуропа стандарттарына сай келетін жайлы бөлмелер, жоғары деңгейде жабдықталған конференц-залдар, кофехана қызметтері мен ыңғайлы тұру мен бизнесті сәтті жүргізу үшін қажет қосымша қызметтерді қуана ұсынамыз.

Алматы, Құрманғазы көш., 93/1
Отырар

«Отырар» мейманханасы Алматы қаласының дәл ортасында, саябақ аймағының, іскерлік және сауда орталықтарының, «Ақбота» ойын-сауық бағы мен қалалық зообақтың жанында, «Жібек жолы» метросының станциясынан 5 минуттық жерде, әуежайдан 20 минуттық қашықтықта және темір жол-2-ден 5 минуттық жерде орналасқан.

Алматы, Гоголь көш., 73
Maqan
MAQAN – ішкі жиһазының өзіндік дизайны бар, локациясы ыңғайлы, көрсететін қызметі жоғары әрі сапалы бутик-мейманхананың әрбір қонағына жеке көңіл бөліп, оны ерекше ілтипатқа бөлейді. Бөлмелер саны: 40 
Алматы, Радлов көш., 17
Достык

«Достық» мейманханасы Алматы қаласының қақ ортасында, қаланың барлық аса маңызды іскерлік, мәдени және әкімшілік орталықтарына қолжетімді жерде жайғасқан. Орталық даңғылдар, мұражайлар мен театрлар, елшіліктер мен мем. Мекемелер, банктер мен кеңселер, ең жақсы дүкендер, мейрамханалар мен клубтар – осының барлығы мейманханадан таяқ тастам жерде. Қонақтарымыз айтқандай, «Достық» қашан да қасымызда.

Алматы, Құрманғазы көш., 36
Ramada Almaty

RamadaAlmaty мейманханасы қонақтарының қызметіне саунасы мен жабық бассейні бар сауықтыру спа-орталығы, фитнес-орталық, тегін Wi-Fi мен ғимарат аумағындағы жеке меншік тегін тұрақ ұсынады.

Алматы, Байтұрсынов көш., 27/1, Қазыбек би көш. қиыл.
Мобильді қосымша
да қол жетімді
AWStudio-да әзірленген