Ойын-сауық
«Сегіз көл» ParkResort

«Сегіз көл» ParkResort атты бірегей кешен Алматы орталығынан жарты сағаттық жерде, Талғар ауданының Каменное плато ауылының жанында орналасқан. Бір кездері Қазақстанға тән ландшафт – дала жазығы билеген жерде қазір мәңгі жасыл бақ қаулап өсіп тұр, бассейндердің су айдынына күн сәулесі түсіп, болашақ эко-қала өмірі қыза түсуде.

Каменное плато ауылы, Талғар ауданы, Алматы облысы
«Лесная Сказка» таулы курорт-мейманханасы

«Лесная Сказка» таулы курорт-мейманханасы орналасқан Ой-Қарағай шатқалы қазақстандық жердің бүкіл бірегей артықшылықтарына ие – баурайдағы қылқан жапырақты орман, Іле Алатауы етегінің айбынды белестері, жартастар мен сілемдер арасынан салынған соқпақтар, тас шоқыларының тегіс алаңқайлары, бірегей флора мен фауна, таза ауаның жоғары деңгейде шоғырлануы, энергетикалық ағындардың орындары – осынау кереметтің барлығы мегаполистен қолжетімді жерде.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Ой-Қарағай шатқалы, Іле Алатауы.
Табаған демалыс базасы

Алматы қаласының Табаған демалыс базасында – судан таза ауадан бас айналып, төңіректің сұлулығына көз тоймайды, ал алда күтіп тұрған қызықтардан жүрегіңіз аттай тулай бастайды. Табаған демалыс базасында әркім өз қалауынша тыныс табады. Бұл жерге жыл бойына келе беруге болады.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы
«Ақ Бұлақ» биік таулы шипажайы

Жылдың кез келген уақытында «Ақ Бұлақ» биік таулы шипажайы – бұл Іле Алатауының ең жақсы жері! Сіз белсенді әрі айрықша демалысты ұнатасыз ба? Таза ауада серуендегенді, сейіл құрғанды жақсы көресіз бе? Әлде өзіңіз үшін жаңа әдемі жерлерді ашқыңыз келе ме? Мұнда әркім жанына жағатын сауық табады, себебі барлық жолдар «Ақ Бұлаққа» әкеледі!

Рысқұлов ауылы, Талғар ауданы
Есік бақтақ шаруашылығы

Алматы аймағындағы ең ескі бақтақ шаруашылығы 1967 жылы құрылған болатын. Бүгінде бұл Қазақстандағы құбылмалы бақтақтың аса ірі өндірушісі.

Іле-Алатау ұлттық саябағы
«Медеу» биік таулы мұз айдыны
«Медеу» - Медеу тау шатқалында теңіз деңгейінен 1691 метрлік биіктікте, Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласының маңында салынған спорт кешені. Осы кезде Медеу – жасанды мұз айдынының көлемі ең үлкен – 10,5 мың м² құрайтын, спорттың қысқы түрлеріне арналған ең биік таулы кешен. Биік таулар рекордтар орнатуға септігін тигізеді, сол кезден бері 170 әлемдік рекорд орнатылды.
Іле-Алатау ұлттық саябағы, Горная көш., 465
«Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы

«Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы Іле Алатауының әдемі сайында, теңіз деңгейінен 2260 метрлік биіктікте, Алматы қаласының орталығынан 15 минуттық жерде орналасқан.

Алматы, Горная көш., 640 үй
Тау-SPA

Бір күннің шипажайы – бұл ғажап сауықтыру-ойын-сауық кешені алматылықтар мен қаланың барлық қонақтары есінде дәл осындай атпен қалды. Әрине, «ТАУ SPA- center» шипажайы көп күндік те бола алады, оның үстіне бассейндерінің аса таза суларынан, финн, түрік, альпы сауналарынан; орыс, шығыс, скандинав және жапон моншаларынан кейін бұр жерден мүлде кетпесем деген ой келеді.

Алматы, Алмаарасан сайы, 1
Күмбел мейманханасы

Іле-Алатау Ұлттық саябағы – бұл өсімдік және хайуандар әлемі бай, терең шатқалдары, тоғайлы таулары бар жабайы табиғат жері. Дәл осында, Әл-Фараби-Науаи даңғ. қиылысынан 15 минуттық жерде және қала орталығынан 40 минуттық қашықтықта, Алмаарасан сайында Күмбел мейманханасы орын тепкен..

Алматы обл., Қарасай ауданы, Көк Шоқы ауылы.
Мобильді қосымша
да қол жетімді
AWStudio-да әзірленген